Айбек Төлеубекұлы Ботабеков 1976 жылы 11 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997-1999 жылдары «Орталық ЖЭТ» филиалының бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары. 1999-2003 жылдары «Ақмола ЖЭТ» филиалының бас бухгалтері. 2003-2006 жылдары «KEGOC» АҚ орталық бухгалтериясы бухгалтерлік есепке алу бөлімінің бастығы – бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер. 2006-2008 жылдары Қаржылық департаменттің директоры, жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары «KEGOC» АҚ атқарушы директоры. 2009 жылдың маусым айынан «KEGOC» АҚ-ның Экономика жөніндегі Басқарушы директоры.
«Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі» (2008) атағының иегері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен және төсбелгімен (2010), ҚР «Ерең еңбегі үшін» медалімен (2012), «KEGOC» АҚ Алғыс хатымен (2007), «KEGOC» АҚ Құрмет грамотасымен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен (2011), «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен (2012) марапатталған.
Айбек Төлеубекұлы Ботабеков
Последние статьи автора