Аян Төлеубайұлы Тұрарбеков
Аян Төлеубайұлы Тұрарбеков 1973 жылы 3 қарашада Талдықорған облысы Андреев ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар маманы, екі шет тілін меңгерген елтанушы мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1996-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка елдері департаментінде референт, атташе лауазымдарын атқарды. 1999-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екі жақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары – Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің үшінші хатшысы. 2003 жылы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының көмекшісі. 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы. 2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас сарапшысы. 2005-2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің сектор меңгерушісі. 2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының жетекшісі. 2008 жылы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары. 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығын басқарды. 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Орталық коммуникациялар қызметіне жетекшілік етті. 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.