Ағзам Ахметжанұлы Тастеміров

Ағзам Ахметжанұлы Тастеміров 1958 жылы 16 қыркүйекте Ресейдің Омбы облысы Есілкөл ауданы, Жаңа Мәкен ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын саясаттанушы мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өзінің еңбек жолын 1976 жылы Көкшетау облысы Ленинград ауданының «Менжинский» совхозында жүргізуші, есепші, бригадирі болып бастады. Алматы саясаттану және басқару институтын тәмамдағаннан кейін 1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін Көкшетау облысы Ленинград ауданының Ленинград селолық кеңесі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1994–1997 жылдары — Көкшетау облысы Ленинград ауданының Ленинград селолық әкімішілігі басшысының орынбасары. 1997 жылғы наурыздан 1997 жылғы шілдеге дейін — Көкшетау облысы Ленинград ауданының әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы. 1997–2000 жылдарда — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ленинград селолық округі әкімінің орынбасары. 2000–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің орынбасары. 2008 жылғы қазаннан 2013 жылғы маусымға дейін — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі. 2013 жылғы маусымнан бастап Айыртау ауданының әкімі.
«Енбек данқы» белгісімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальмен (2008 ж.), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальмен (2011 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста