Абызбай Адамов
Абызбай Адамов 1951 жылы 1 қазанда Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), Қазақ құқықтану және халықаралық байланыс институтын тәмамдаған.
1980-1981 жылдары - Ертіс аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1981-1985 жылдары - совхоздың партия комитеті хатшысы, Ертіс аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығының орынбасары, бастығы, аудандық жоспарлау комитетінің төрағасы. 1985-1987 жылдары - Ертіс аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы. 1987-1989 жылдары - совхоз директоры. 1989-1992 жылдары - Ертіс аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1992-1994 жылдары - Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1994-1997 жылдары - «Берік» мемлекеттік ауыл шаруашылық сауда үйінің бас директоры. 1997-1998 жылдары - Павлодар облыстық агроөнеркәсіп кешені бастығының орынбасары. 1998-1999 жылдары - «Ай-Мелькомбинат» акционерлік қоғамы директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - «Энергоқұрылыс» акционерлік қоғамының басқарушысы. 2000-2002 жылдары - Павлодар облыстық қаржы департаменті клирингтік және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы. 2002-2007 жылдары - Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімі. 2007-2010 жылдары - Павлодар облысы әкімшілігінің бас инспекторы. 2010 жылдан бастап «Павлодар облысының жылжымайтын мүлік Орталығы» РМК-ның директоры, ғалым агроном-экономист, экономика ғылымының кандидаты.
«Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.