Әбілдаев Азамат Рахатұлы
Әбілдаев Азамат Рахатұлы 1972 жылы 3 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1999-2004 жж. - «Алмаз» шаруа қожалығында басқарушы директор. 2004-2007 жж. - «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры. 2007-2009 жж. - «ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС президенті. 2009-2010 жж. -«ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС қадағалау Кеңесінің төрағасы, консультанты. 2010-2011 жж. - «Қазақстан тас өнімдері» ЖШС, ӨБ президенті. 2011-2012 жж. - «Корпорация «Казгранит» ЖШС президенті. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Мамандығы бойынша үздік» дипломымен, «За верность делу» ІІ дәрежелі медальдарымен марапатталған. 1998 жылдан - «Ақбөкен» қоғамдық қорының мүшесі. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.