Абдулла Ахметов
Абдулла Ахметов 1950 жылы 9 тамызда Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Қазақ химия технологиялық институтын (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті), Алматы Жоғары партия мектебін тәмамдаған.
Қазақстан ЛКЖО Кентау қалалық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің хатшысы болған. 1977-1980 жылдары - Қазақстан БЛКЖО Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1980-1986 жылдары - Түркістан қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1986-1992 жылдары - Шымкент облыстық денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитеті Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 1992-1996 жылдары - «Зият» Фирмасы» ЖШС-нің бас директоры, «Оңтүстік» коммерциялық фирмасы директорының орынбасары, «Алемимпекс» фирмасының директоры. 1996-1999 жылдары - Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкімшілігі еңбек басқармасының бастығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары, бастығы. 1999-2004 жылдары - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімшілігінің басшысы, Оңтүстiк Қазақстан облысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы. 2004-2006 жылдары - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі. 2006-2008 жылдары - Шымкент облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң директоры.
Екі мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.