Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров
Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров 1950 жылы 10 ақпанда Қырғызстан Республикасының Ош облысында дүниеге келді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик.
В.И. Ленин атындағы Қазак политехникалық институтының металлургия факультетін 1972 жылы үздік бітірген, инженер-металлург. 1975 жылдан 1978 жылға дейін Қазақ политехникалық институтының, кейін Ленинград тау-кен институтының аспирантурасында оқиды. 1979 жылы техника ғылымдарынын кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялык жұмысын қорғайды.
1972 жылдан 1991 жылға дейін Қазақ политехникалык институтында кіші ғылыми қызметкерден ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісіне дейінгі, ассистенттіктен доценттікке дейінгі әр түрлі қызметтерді атқарады. 1991 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің орталық аппаратында әр түрлі басқарушы қызметтерде істеді. 1994-1995 жылдары Төменгі-Саксон неміс басқару академиясында оқып, «Білім беру саласында жеке құрамды басқару» такырыбы бойынша ғылыми жұмысын қорғайды. 1998 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын корғайды.
1988-1989 жылдары Герман Федеративтік Республикасында (Т.Н. Claustahl, RWTH, Аасhеn) ғылыми зерттеу тәжірибесінен өтеді. 1997 жылдың қараша айынан бастап 1999 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Кеңсесінің білім беру мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істейді. 1999 жылдың маусым айынан бастап 2001 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және орта кәсіптік білім беру департаментінің директоры болып істейді. 2001 жылдың шілде айында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалады. 2005 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялық және инжиниринг университетінің ректоры.
Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының және Қазакстан Республикасы Инженерлік академиясының толық мүшесі болып сайланды. 3 авторлық куәлігі, 50-ден артық ғылыми мақалалары және 1 монографиясы бар.
Әр жылдары «Жұмыстағы үздік жетістіктері үшін», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгілерімен және, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, Елбасының алғыс хатымен марапатталған.