Абай Қарпықов
Абай Қарпықов 1955 жылы 6 ақпанда Алматы облысы Текелі қаласында дүниеге келді. Белгілі кинорежиссер.
1977 жылында Мәскеудің тарих-мұрағат институтын, 1987 Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.
1982 жылында алғаш рет "Клочок неба" көркем фильмін түсіреді. Фильм "Бастау-83" Республикалық байқауында "Ең үздік қысқа фильм" жүлдесін жеңіп алды. Қарпықов көркем және деректі фильм жанрларында қатар еңбек етті. Оның "Полторы штуки" (1987), "Влюбленная рыбка" (1989), "Воздушный поцелуй" (1991), "Тот кто нежнее" (1996), "Фара" (1999 жылы 21-Халықар Мәскеу кинофестиваліне қатысып "Ең үздік ер адам ролі үшін" жүлдесін актер Фархад Абдраимов жеңіп алды), т.б. көркем фильмдері мен "Автобус в час пик" (1986), "Бахыт. Первая кровь" (1989), т.б. деректі фильмдері бар. Тұңғыш отандық "Тоғысқан тағдырлар" және "Қара шегіртке" телесериялдарының продюссері болды.