Абай Ахметқалиұлы Айтмұхамбетов 1943 жылы 5 желтоқсанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Бурабай ауылында дүниеге келген. 1969 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) физика-математика факультетін және 1975 жылы аспирантурасын бітірген. Физика-математика ғылымының докторы (1992), профессор (1998), Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі (1995).
1969-1987 жылдары оқытушы, доцент, физика-математика факультетінің деканы. 1987-1992 жылдары Қызылорда педагогика институтының ректоры қызметін атқарды. 1992 жылдан Көкшетау университетінің ректоры болды. Айтмұхамбетовтың 150-ге жуық ғылыми мақаласы мен 3 монографиясы (шет ел басылымдарында) және 70 ғылыми еңбегі жарық көрген.
Абай Ахметқалиұлы Айтмұхамбетов
Последние статьи автора