Құс атаулы Жөніндегі мақал- мәтелдер.

Құс атаулы  Жөніндегі  мақал- мәтелдер.

Мазмұны:
1. Кіріспе: Мақал- мәтелдер туралы түсінік.
2. Негізгі бөлім:
Құс атаулы жөніндегі мақал-мәтелдер
3. Қорытынды бөлім: Құстардың қасиеті.

Кіріспе.
Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың үлгілері ескі заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан. Бұл жолда әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған.
(М.Ғабдуллин)

Мақал: Өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.
Ой нақты айтылады.
Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.
Мәтел: Белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Көбіне бір бөлімді болады.
Ой ишара, тұспалдап айтылады.
Көбіне эмоциялық мағына басым болады.
Мақал – мәтелдерден халықтың ой-санасы ,дүниеге көзқарасы, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен мазмұн тереңдігімен,түр жағынан ықшамдығымен екшеленеді.Онда өмірдің сан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп,халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады.Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып,шебер беруге тырысады.С өйтіп, “тоқсан ауыз сөздің түйінін” жинақтап, қорытып береді.
Мақал -мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық рухани өмірінің бір саласын қамтмиды. Шаруашылық кәсіпке, тіршілік- тұрмысқа, төрт түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қол өнерге, ерлікке, Отанға, ата-анаға,еңбекке арналады. Бір топ мақал-мәтелдер адамның бойындағы жақсы қасиеттерін марапаттауға адамгершілікке баулып тәрбиелейді. Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Құстарға арналған да мақал- мәтелдер бар. Сол сияқты Тарбағатай ауданының Тұғыл қонысы балық шаруашылығымен айналысатыны бесенеден белгілі. Ауыл “Зайсан” көлінің жағасында тұрғандықтан көкте қалықтап шағала деген құс ұшып жүреді. Қай жерге балық төгілсе- шағала қаптап кетеді. Дәл осы мен ауылда екі түрлі шағала тіршілік етеді. Атамның айтуынша: бірі Альбатрос және Мартым. Әрі бұлар көлдің санитары.

Ш а ғ а л а.

Шағала келмей жаз болмас,
Шамқам келмей боз болмас.
***
Шағала қонса айдынға,
Күн жауар деп қайғырма.
***
Шағала ұшқан жерде шабақ бар.
***
Сөз өлшеуін білмеген,
Шағалаша шуылдайды.

Мәселен, қорамызға ұясын салып, шықылықтап, балапанын өргізетін қарлығаш, кешқұрым алқаптан оралатын қарақарға, қашада қонып отыратын ала сауысқан, қараторғай, көгершін, аспанда тыраулаған тырналар көп. Бала кезімнен осы құстарды көзіммен көріп, үлкендердің айтқан сөздері жадымда сақталғандықтан ба мені бірден бір қызықтырған тақырып осы болды. Осыдан бастап зерттеуге кірістім. Өзім оқып жүрген кітаптардан, мақал-мәтелдерден, ел аузынан құстар туралы мақал-мәтелдерді теріп жаза бастадым. Оларды топтастырдым. Айтпай ұмытып барады екенмін. Біздің көлде қамыс арасында аққулар джа тіршілік етіпті. Халық арасында аққуды атып, киелі құстың қарғысына қалған бір жанұя түгел тай тұяғымен өмірден өтті дегенді де естідім.

Құстардың ең әдемісі, көлдің сәні, “құс падишасы”- аққу. Оның түсі аппақ, мойыны ұзын, салмағы 7- 13 кг-ға жетеді. Ел аузындағы аңызға айналған талғампаз, тәкаппар сұлу құс.

Қарашада қар жауар қат-қат болып,
Табан асты қара жол батпақ болып.
Отыр ма екен, қалқатай жатыр ма екен,
Айдындағы аққудай аппақ болып.( халық әнінен үзінді)

Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.
***
Аққуды атпас болар.
***
Аққу жүрсе су сұлу.
***
Аққу құстың төресі.
***
Аққумен дос болсаң - жүрген жерің пәк болар.
***
Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тидірмес.
Ер жігітке оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес.
***
Өлеңге енсе, сөз сұлу.
Аққу жүзсе, көл сұлу.
***
Ақ десең – қаз да ақ,
Бірақ аққу емес.
Ақудың 6 түрі бар екен, оның 5-еуі Солтүстік жарты шарды мекендесе, біреуі ит арқасы қияннан да әрі экватордың арғы бетін қоныс етеді.
біздің жерімізде қыстайтын сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Шығыс ақындарының айтуына сүйенсек әйел адамдар қасты сүрмелеп, ерінді қызылмен бояп, бетті опалауды аққудан үйренген. Кім біледі, рас та шығар. Адам баласы қай заманда да табиғатқа табынып келгенін ешкімде жоққа шығара алмайды ғой. Сұңқылдақ аққулар жыл санап жоғалып барады дейді ғалымдар, Зайсан мен Ілеге қонып өтетін сұлу құс бүгіндері сирек кездеседі. Аққулар 30-40 жас жасайды екен, әрі қосағымен қоса ағаратын құс. Күндіз бірге жайылып, бірге серуендейді, түнде біріне бірі сүйеніп ұйықтайды.
Орыс ағайындар, неге- дүр , аққудың атын әдетте қазға қосып, бірінші қазды айтады (гуси-лебеди). ХІХ- ғасырда Рессейде аққудың мамығы мен терісі өте қымбат бағаланғанға ұқсайды. Архив деректеріне сүйенсек, 1893 жылы Ақмола облысында өткен Константин жәрмеңкесінде 450 аққудың терісі саудаға түсіп сатылыпты. Бұдан кейін мейірім, рақым туралы әңгіме айтуға бола ма?
Аққудың тағы бір дұшпаны- бақсы, балгерлер. Олар аққудың өті мыңда бір ауыруға ем деп алай есер аңшыны еліктіріп-желіктіріп қылмысқа итерген кездері бар.
Қоңсы қытайлар аққудың тұла бойы асыл деп, етінен түрлі-түрлі тағамдар дайындаса, мамығы мен терісін асыл бұйымдар жасайтын шикі зат ретінде қолданыпты. Медицинасында күйікті емдеуге пайдаланады екен. “Еліңе сауда кіреді, сауда мен бірге дау да , жау да кіреді” – депті Мәтжан би.
Хакастар, Алтайлықтар,Буряттар өз тегңн аққу деп аққу деп түсінген және солай деп есептейді. Ал сахалар болса аққуды әйел затының пірі деп бағалайды.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы , жақсылықтың жаршысы , пәктіктің , сұлулықтың белгісі деп есептеп, киелі құс төресі санап , оған еш уақытта оқ атпайды.

Құстар ерте кезден бері адамзат тіршілігінде негізгі рөл атқарды. Олардың әр түрлі шаруашылық, мәдени және рухани дүниемізде үлкен маңызы бар.
Жан-жануарларға, құстарға сенім табиғаттың жансыз құбылыстарына табынудағы әрекет- тотем.
Солтүстік Американы мекендеген аджиба тайпасынан “оттотем” деген сөзді есіген. Бұл сөздің мағынасы- оның тегі. Олар әр түрлі хайуандарды, құстарды өздерінің арғы тегі деп түсінген. Осының нәтижесінде бізге «тотем» деген сөз жеткен.

Түркі халықтары якут,түркімен,өзбектерде тотемнің ең негізгі түрі бүркіт болды кейбір тайпалар ,рулар өздерін бүркіттен пайда болғанбыз деп соларды өздерінің қамқоршысы, қорғаушысы ретінде көреді.
Қазақтар мен қырғыздарда жас нәрестенің қорғаушысы ретінде және қауіп- қатерден сақ болу үшін мынадай салт- дәстүр қалыптасқан. Аналар босана алмай қиналғанда ( ескі ұғым бойынша) бүркітті қасиетті санап, ананың қасына қою болған. Ал жас балалардың киіміне тіл-көзден сақ болсын деп тырнақтарын тігіп қояды.

Жасына қарай:
1 жас- балапан құс
2 жас- түбіт
3 жас- тірнек
4 жас- тас түлек
5 жас- мұзбалақ
6 жас- көк түбіт
7 жас- қана
8 жас- жаңа
9 жас- май түбіт
10 жас- барқын
11 жас- баршын
12 жас-шөгел

Ер қарттайса қазаншы болар,
Бүркіт қартайса тышқаншы болар.
***
Бүркіт шаңқылдаса өлер.
***
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
***
Қиядағы қызыл түлкіні, қияннан бүркіт алады.
***
Ит иесі үшін алады.
Бүркіт жемі үшін алады.

Қазақта құстардың арасынан үкіні қасиетті санап, оның қауырсындарын әр түрлі зиянды бәлекеттерден сақтайды деп жорыған. Сондықтан да үкінің қауырсынын жас балаларға, баланы сүндетке отырғызғанда тұмар мен үкі қауырсындарын қоса тағады (Оңтүстік Қазақстанда). Үкі тағу сән-салтанаттылықты емес, қайта көз тиіп, сұқ қадалмасын деген ниеттен туған. Көпшілік алдына шығатын, әншілер, бишілер үкі қауырсынын тағуда осындай пиғылдан көз тимесін дегендіктен. Тағы бір деректі оқып отырсам атам қазақ ырымдап, баласы болмай жүрген әйел адамға үкінің ұясын алақанымен сипатады екен. Оның қауырсынындағы бедер Құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан.

1. Жапалаққа күннен түн жарық.

2. Жапалақ екені, жүнінен белгілі.
Жетімек екені , жүзінен белгілі.

Францияда аяғы ауыр әйел екі кештің арасында жапалақтың дауысын естісе қызды болады деген жорамал жасалған. Оңтүстік Үндістанның оңтүстігінде жапалақ бір шақырса – табалдырықтан өлім аттайды деп қорыққан, екі шақырса – үйге тасыған табыс, құт – береке келеді деп сенген, үш шақырса – уйден біреу алыс сапарға шығады, төрт шақырса - алыстан қонақ келеді деп сенген көрінеді. Ағылшындар байғыздың дауысын естісе, ауа райы бұзылады деп қамдана бастайды екен.
Герцоговинада өмір сүретін мұсылмандар оны “құс патшасы” деп әз әулие тұтады. Болгарлар мен сербтер болса , “көкек пен байғыз ағайынды яки апалы – сіңілі қыздар екен қапияда бірінен - бірі адасып қалып, түнімен зарлайтыны содан екен” деген аңыздарды айтады. Адамның мейірімін оятып, аяушылығын арттыру үшін “бір – бірін сағынатыны сонша, мұрнынан қан ағып, зорыққанша зарлайды екен” дегенді де айтатын солар.
Фенологтар байғыздың мұрнынан қан ағатынын, әлбетте, жоққа шығарады. Дегенмен, қазақ, өзбек, қырғыз аңыздарында да мұрнынан қан ағады. Бұл неден шыққан, қалай шыққан аңыз – беймәлім. Палестиналықтар да оны бақыт құсы санайды. Қазақ біреуді аяса “байғұс – ай” дейтіні бар. Оны жүрт айтатындай жамандық шақыратынына тіпті сеңгің келмейді. Бұл құс сезімді мейірбан, байқағыш құстардың бірі.

Құстар туралы мақал – мәтелдер:
1.Жаралы құсқа тас атпа.
2.Қойнына кірген құсты мерген де атпайды.
3.Баға білсең –құс та бағлан.
4. Құс терісіне қарай сұлу,
Адам ісіне қарай сұлу.
5. Бет алды ұшқан құс,
Қонарға тал таппас.
6. Құстың тілін құс біледі.
7. Құс та өз ұясына қарай ұшады.
8. Ескексіз қайықшы – қанатсыз құс.
9. Құсқа алтын тордан қу бұтақ қымбат.
10. Көп отырған құс оққа ұшады.
11. Құлқын сәріде тұрған құс құртқа тояр.
12. Құс қосағымен ұя салады.
13. Құс – қанаттысымен қатар ұшады.
14. Құстың сәні қос қанаты.
15. Қуатты сөз – дуалы, құс сияқты қанатты боп туады.
16. Құссыз орман – құсалы.
17. Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды.
18. Құс топтанса - ұшайын дегені,
Ел топтанса – көшейін дегені.
19. Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақ сұңқар қаққызбай іледі.
20. Құс - қанатымен ,
Ер – жолдасымен.
21. Өткен күн – ұшқан құс,
Шақырсаң да келмейді.
22. Құсты қана ұшырады,
Ерді талап ұшырады.
23. Қырандарын қинаған,
Даласында сыйламас.
Ұландарын қинаған,
Данасын да сыйламас.
24. Сақтықты сұңқардан үйцрен.
25. Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі.
26. Құсы жоққа тұрымтай сұңқармен тең,
Аты жоққа қоңыр тай тұлпармен тең.
27. Құзғын жемтік көрмесе жүре алмайды.
28. Тозған қазды
Топтанған қарға жем етер.
29. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
30. Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
31. Бұтаға паналаған торғай да аман қалар.
32. Сауысқан тоты боламын деп,
Жүрісінен жаңылыпты.
33. Сақ қарға сағағынан елінер.
34. Шабан үйрек бұрын ұшар.
35. Қаз келсе, жаз келер.
36. Ажалды қарға бүркітпен ойнар.
37. Ителгі салған ет жейді.
38. Гүлсіз бұлбұл – үнсіз.
39. Қазға еремін деп қарғаның шаты айырылыпты.
40. Ер қартайса қазаншы болар,
Бүркіт қартайса тышқаншы болар.
41. Ер бақытының қонғанын білмейді,
Ұшқанын біледі.
42. Әркім өз қазын аққуым дейді.
43. Көктегі тырна қолдағы олжа емес.
44. Қарғаның қауырсыны қаламға жарамас.
45. Құс қанатымен танылар,
Жігіт қайратымен танылар.
46. Ұясын ұнатпаған құс оңбас.
47. Ерте оянған құс тойып алып,
Тұмсығын сүртеді.
Кеш оянған құс,
Көзінің былшығын сүртеді.
48. Қарғаның атын атап, қыранды қорқытпа.
49. Сұңқар самғауынан белгілі,
Жапалақ жалбанынан белгілі.
50. Қыран да күннен асып ұша алмайды.
51. Бұлбұлды әні үшін асырайды.
52. Ауласында жүрсе , әтеш те паң.
53. Сандуғашша сайрайды,
Сұржыланша шағады.
54. Оқымысты бұлбұл он түрлі сайрайды.
55. Шағала қонса айдынға,
Күн жауар деп қайғырма.
56. Жыртқыш құстың ғұмыры қысқа.
57. Саяқ пен сауысқанға обал жоқ.
58. Шымшығы ұшса ұшсын,
Шынары аман болсын.
59. Қарғаның қарқ еткені- өзіне қуаныш.
60. Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшқан құс болар.
Қызыл ет жемес құс жоқ.
Жаманның тапқаны - жапалақ.
Тоты түгімен ,
Бұлбұл үнімен.
64. Бөденені сойса да қасапшының сойғаны абзал.
65. Бұлбұл зарын қарға ұқпас.
66. Қуанышты күн құс әнімен басталар.
67. Күзде торғай да тоқ.
68. Қорқақ қоразға қоң бітпес.
69. Үйрек беріп, қаз алған.
70. Бұлбұлдың үні тәтті, тотының тілі тәтті.
71. Лашын орнына тырна,
Бұлбұл орнына қарға.
72. Құс өз ұясын өзі қориды.
73. Алақаннан жем жеген құс алысқа ұшпас.
74. Қара орманда қарға болғанша , аядай тоғайда бұлбұл бол.
75. Ортақ малды ит-құс жемес.
76. Басы - бұлбұл, аяғы - дүлдүл.
77. Үйрек жұмыртқасын тауық басар,
Балапаны шығарда суға қашар.
78. Көкектің баласы көршінің ұясында өседі.
79. Шет елдің қаршығасын өз елінің қарғасы да бүреді.
80. Соқыр тауық сорына,
Боран соғар жолына.
81. Тоты тілінен торға түсер.
82. Торғайдың тозағына лашын түспес.
83. Тауық – тарыққанның тоқтысы.
84. Әтештей ғана әлі бар, атаның жүгін көтермес.
85. Қаз қаңқылдаса жаз келер,
Қарға қаңқылдаса күз келер.
86. Қыранның қанаты болса,
Ұланның қайраты бар.
87. Бірлескен сауысқан бұғыны шоқып мерт етер.
88. Қарға қаралығын білсе, аққуға жоламас.
89. Соқыр тауық та сепкенді тауып жейді.
90. Екі қораз ен қораға сыймас.
91. Шаруаға жағар тауық шалқанға жұмыртқалайды.
92. Кәрі қарға қарадан - қарап қарқылдамайды.
93. Құсқа алтын тордан қу бұтақ қымбат.
94 өкргенді көгершін әке-шешсінен үш бұтақ төмен қонақтайды.
95. Торғай жүзге келгенше секектейді.
96. Құзғын өлерінде де өлексе іздейді.
97. Қораз да қызғаншақ.
98. Қонағың қораз болса, қоймада тарың қалмас.
99. Қарауылдың шатырына қарға да қонбайды..
100. Көзсіз әтешке – көр тауық.
101. Торғайда қандай бас болушы еді, ол бастан не ас болушы еді?
102. Тауық үйректі үйретуге құмар.
103. Қуатты сөз – дуалы.
Құс сияқты қанатты боп туады.
104. Қырғи да құрдан – құр қиқуласпайды.
105. Су ішінде қырғауылдан айырылма,
Айырылдың ба, жетпедім деп қайғырма.
106. Құс тұзаққа құлқынның қырсығынан ілігер.
107. Қаз ұшып кетсе, көлде үйрек жоғалар.
108. Жолауышға жырлауынан бұлбұлдың,
Жағымдырақ үргені ит құрғырдың.
109. Бүркіт шаңқылдаса өлер.
110. Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тидірмес,
Ер жігітке оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес.
111. Бұлбұлға бал жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
112. Дүбір шықса, тұпар тұрмас,
Қиқу шықса, сұңқар тұрмас.
113. Көлдің құты кетсе,
Көкқұтан бір жыл бұрын кетеді.
114. Кептер болып туылсаң,
Қарға болып өлме.
115. Қарға алғыр болса да,
Қаршығаның орнын баспас.
116. Қырғауылдың шөжесі,
Шеттегенін қоймайды.
117. Өлеңге енсе, сөз сұлу,
Аққу жүзсе, көл сұлу.
118. Жұдырықтай құс,
Жүректе ұя салар.
119. Бұтаны ұнатпаса, бұлбұл ұя сала ма?
120. Үйректің балапанын жүзуге үйретпе.
121. Ертеңгі тоқтыдан бүгінгі тауық артық.
122. Қанатын қаға берсе, қауырсынсыз қалар.
123. Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Жақсы адамның көңілі хош болады.
124. Бет алды ұшқан құс,
Қонарға тал таппас.
125. Шымшық шымыр болса да,
Шағалаға жоламайды.
126. Қарғаны қаз қойған ек,
Қи шоқығанын қоймайды.
127. Бөдененің ұясын көр де, етіне өкпелеме.
128. Ескі мешітке көкек азаншы,
Есі кеткенге есек азаншы.
129. Досыңның тауығын алсаң,
Қанжығасына қаз байла.
130. Қарғаны баптағаныңмен қарға болмайды.
131. Қарақұс өзі тауда, көзі бөктерде.
132. Жаман атты жақсы бақсаң – тұлпар,
Бөктергінің бабын тапсаң – сұңқар.
133. Шымшық семіргенімен батпан болмайды.
134. Құс та өз ұясына қарай ұшады.
135. Ескексіз қайықшы - қанатсыз құс.
136. Шымшықтан сұңқардың батылдығын күтпе.
137. Әккі шымшықты кебекпен алдай алмассың.
138. Сұңқар жоқта жапалақ жыртқыш.
139. Қос қаршыға таласса,
Құс жастықтық мамық бар.
140. Сұңқарға аспан сұлу.
141. Ерте шақырған көкектің басы ауырар.
145. Көршінің тауығы қаздай,
Жұмыртқасы жұдырықтай.
146. Балалы қазға жем жетпес.
147. Опасыздан құзғын да жиіркенеді.
148. Бұлбұл үнді, жылан тілді.
149. Сөз өлшеуін білмеген,
Шағалаша шуылдайды.
150. Үйіріне жеткенше тұлпар асығады,
Ұясына жеткенше сұңқар асығады.
151. Баға білсең – құс та бағлан.
152. Күпіну күркетауыққа ғана келіседі.
153. Асыл текті балапан ұясында ән салар.
154. Қарға қарқ болған соң қарқылдайды.
155. Өлерінде бұлбұлдың да үні өзгегер.
156. Торғай диірменді аттап ұшпайды.
157. Қауырсын қалам қабыланның тырнағынан да өткір.
158. Ұядан қатар ұшқандар ұжымды болады.
159. Қойнына кірген құсты мерген де атпайды.
160 . Бұлбұл қарғаның ұясында өссе де қарқылдамайды.
161. Жаралы құсқа тас атпа.
162. Ерте тұрған балапан ерте шақырар.


Құс атаулы жөніндегі мақал- мәтелдер – тілі көркем, ойы терең, ата-бабаларымыздың рухани қазынасы. Құстар туралы әңгіме де таусылмайтынын, ұшына жеткізбейтін әлем бір. Замануи ғылым әлеміндегі 8,5 мың құсты түгел зерттеп болдық дейді. Сенгім келмейді. Меніңше, құстарды мәңгі – бақи біздің төбемізде жүретін, қолымыз жетпейтін жұмбақ әлем екені абзал.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста