Менің жақындарымның тылдағы батырлық еңбегі және Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесі

Менің жақындарымның тылдағы батырлық еңбегі және Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесі
«Ептілік пен ерлік - Ерге тән қасиет»

Б.Момышұлы

Бүкіл халықтың өмірі – жасырын болып келеді. Біз болашақты болжай алмаймыз, бірақ өмірдің қилы сәттерін адам кейпінде, шыдамды түрде бастан өткізе аламыз. Біздің ата-әжелеріміз секілді. Біз олардан қалған ұрпақпыз, олардың жалғасымыз. Олардың қаны бізде де бар.
Жеңіс күні – бұл өткенге құрмет, газеттердегі мадақтаулы шумақтарды жазу, тіпті әскери техниканың салтанатты шеруі емес. Бұл күн рухтың күші, жігерлік және Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны. Біз бұл күнді тек 9 мамыр күні ғана емес, барлық күндерде еске алуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ « Бейбітшілік жалауын», «Отанымзға» деген құрмет пен сүйіспешілігімізді қостауымыз керек. Бұл біздің міндетіміз.
Менің атамның әкесі,яғни арғы атам - Салих Кемешұлы біздің отбасымызда батырлық пен қаһармандықтың үлгісі.Әкемнің аңыз әңгімелерінен білемін, ол нып-нық өзінің бар жігерлілік күшін қарсыластарына жұмсаған,ерлік пен ептіліктің символы.Қарсыластарға шығатын кез келгенде, ол тағдырға бағынып қашпай, тығылмай алдығы шыққан. Оның қолы жаралы болғанның өзінде, ол қайтадан соғысқа ұмтылған. Қайтадан майданға кері алуды сұраған. Оқтың гүрсілістерін ести тұра, ол емханада жата алмаған. Алайда, ол соғыстың даласына кері алмады. Себебі, оның жарасы ұлғая түскендіктен,арғы атам Салихты тылға жіберген.
1942 жылыдың күз айларында елге оралып, Үлкен Қараталда МТС құрылып,сонда астық жинайды. Салих атамыз өте шебер адам болған.Шаруа істегенде шаршауды білмейтін қарулы жан еді. Сол кездегі аудан басшылары шебер ұстаны ауылдағы астық шабатын, егетін құралдарды жөндеткен.Арғы атам Салих бір қыста ғана жеті молотилканы құрап іске қосыпты.Ат тағасы,басқа сайманын іске қосқан. Таңның атысынан күн батқанша жұмыс істепті.Көрік басатын, балға соғатын екі әйел адамды көмекші ретінде алыпты.Егін алқабы көбейіп гектарынан 36 центнер жерге дейін өнім алыпты.Колхоз жетекшісі-Тайпақ Есдәулетов «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталған.(архивтен алынған). Арғы атам Салих Кемешұлы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін медалімен наградталған. Өзі тапқан қаражатын соғыс қорына аударып отырған көрінеді.
Салих атам осынадай өзінің еңбекқорлығымен «Ұлы жеңісті» жақындатқан батыр тұлғалы ерлердің бірі деп білемін. Оның жүріп өткен еңбек, ерлік жолы- кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай.Соғыс жылдары еліміз үшін, халқымыз үшін ауыр болды.Тыл еңбеккерлері мен соғыс шебінде жүрген ерлеріміздің бірлесе жауға тойтарыс бергендерінің арқасында , осындай бақытты елде өмір сүріп жатырмыз.Бізге ел батырлары бақытты балалық шақ пен кемел болашақты сыйлады.Біз-Тәуелсіз Егеменді елдің ұрпақтарымыз.Еліміз аман болсын,жер бетінде тек бейбітшілік болсын деп ойымды аяқтаймын.

Нәбиолда Айбар
5 «А» сынып оқушысы
Күршім ауданы
№1Теректі орта мектебі


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста