Әскери мектепте оқу үшін не керек?

Әскери мектепте оқу үшін не керек?

Республиканың түкпір-түкпірінен келетін оқушыларды мектеп бағдарламасымен қатар, әскери өмірге даярлау оңай емес. Денсаулығы ақаусыз, білімі шүбәсіз баланы табу да әскери мектеп үшін оңай болмаса керек. Осы сұрақтар жөнінде Алматыдағы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің мамандарынан сұрап-білдік. Әскери мектеп-интернаттардың мән-жайы туралы ол кісілер ашық айтып берді…
Ұлан: Әскери мектепке талапкерлер көбіне қай сынақтан сүрінеді? Үміткерлер қандай жағдайды ескеруі қажет?
«Арыстан» мамандандырылған лицейінде оқу-әдістемелік жұмыстардың үйлес-тірушісі, математика ғылымдарының кандидаты, математика пәнінің оқытушысы Альфия Насибуллина:
– «Арыстан» лицейіне жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам үміткер тапсырады. Ал оқуға қабылданатындардың саны – 80. Сондықтан үміткерлерді іріктеу екі кезеңнен тұрады: алғашында бес пәннен емтихан алынады (математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі). Алғашқы сын-нан өткендер екінші рет тек физика, математика пәнінен емтихан тапсырады. Одан кейін спорттық дайындығы, денсаулығы, әскери оқуға бейімі, психикалық орнықтылығы тексеріледі. Болашақ әскери мамандарды іріктеуге үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Мемлекеттің алға қойып отырған тапсырмасын орындау үшін біз «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды» ғана іріктеп аламыз. Талапкерлердің көбі физика, математика пәндері бойынша сынақтан өте алмайды.Себебі, базалық білімдері олқы түсіп жатады. Кейбірі денсаулығының ақауына байланысты өте алмайды. Негізінен, жаратылыстану бағытындағы пәндерге талап күшті.
Ұлан: Мектепте (лицейде) оқып жүріп оқудан шығып қалатындарды да естіп жатамыз. Бұл жағдайдың негізгі себебі не?
– Бірінші себеп, талапкер гуманитарлық бағыттағы пәндерді жетік меңгергенмен, жаратылыстану пәндерінен қиналады. Себебі, мектепте ол пәндерден көптің ішінде жақсы бағаға ие болып жүруі мүмкін. Ал бізде алгебра, геометрия, физика тереңдетіліп, екі топқа бөлініп оқытылады. Сол кезде біліміндегі олқылық байқалады. Жақсы оқитындарға ілесе алмай қиналады, олар үшін қосымша оқыту сабақтары жүргізіледі. Бірақ көпшілігінде математикалық қабілет аз болғандықтан, сабақ үлгерімі төмендейді. Тағы бір себеп, жаңа ортаға бейімделу процесі де әсер етеді. Профильді пәндерден – математика, физика, информатикадан – «3» (қанағаттанарлық) алса, ол оқушы міндетті түрде оқудан шығарылады.
Екіншіден, көп бала ата-анасының айтуымен тапсырады. Өзінің жүрек қалауы болмағандықтан, әскери талапқа көндіге алмайды. Өз еркімен өтініш жазып, кетіп жатқандардың саны аз емес.
Үшіншіден, кей балаларда интернатта жатып оқуға құштарлық болмайды. Бағы жанып, әскери мектепке түскенімен, оқудың тереңдетіліп оқытылуына психологиялық тұрғыдан дайын емес болып шығады. Оқу сапасы да қатты тексеріледі.
Төртіншіден, лицей Жарғысына, лицеистің ар-ұждан кодексіне сай емес іс-әрекеттер жасаса, лицеист міндетті түрде оқудан шығарылады.
Ұлан: Оқушы қыздардың арасында да әскери мектепте оқығысы келетіндердің бар екенін байқадық. Осы жағы елімізде қарастырылған ба?
Владимир Николаевич, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің командирі, полковник:
– Қыз балалар өзінің табиғатына сай мамандықты қалағаны дұрыс. Әскери қызмет – ұлдардың мамандығы. Бірен-саран қыз балаларға арналған әскери-медициналық мектептер болуы мүмкін. Бұл мәселені мемлекет қарастырар деп ойлаймын, өз басым қыздардың әскери мамандықты меңгеруіне қарсымын.
Ұлан: Әскери мектепке баласын ерте жастан, тіпті, төртінші сыныптан бергісі келетіндер көп екен. Бұған не дей аласыздар?
– Бұл, негізінен, өз баласын тәрбиелегісі келмейтін, тәрбиелеудің қиындығынан қашып отырған ата-аналардың пікірі болуы мүмкін. Төртінші сыныптың баласы бұл жерде не істейді? Мылтық атуды үйрене ме, әскери өнерге бейімделе ме? Біле білсеңіз, 4-сыныптың баласына ата-анасының аялы алақанынан артық ештеңе керек емес. Одан гөрі баланы неғұрлым ананың мейіріне, әкенің тәрбиесіне бөлесін. Ес тоқтатып, өз ісіне есеп бере алатын уақытта ғана мектеп-интернаттарға жіберуге болады. 8-сыныпты бітірген соң берсе де үлгереді.
Елімізде мектеп оқушыларын даярлайтын республикалық әскери мектеп-интернаттар көп емес. Солардың ішінде ауызға көп ілігіп жүргені – «Арыстан». Одан бөлек, қай қалада қандай оқу орны бар екенін де арманшыл жеткіншектерге хабарлап қоюды жөн көрдік.
Әуелі «Арыстан» мамандандырылған лицейі туралы сауалымызға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Өміржанова жауап берді:
Лицеистерге қажетті жағдай жасалған деп айта аламыз. Заманға сай жабдықталған оқу сыныптары, лабораториялар, дәрісханалар, бай кітапхана қорын еркін пайдалануға болады. 25 метрлік бассейн, соңғы технологиямен жабдықталған спорт залдары, дыбыс жазу студиясы, ғаламтор қызметі ұсынылады. Каратэ, бокс, үшсайыс, жүзу, атыс, жүгіру, волейбол, футбол, баскетбол сияқты спорт секциялары жұмыс істейді.
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқушылар бір ай сынақ-тәжірибеден өтеді. ҚР Құрлық әскери күштері әскери институтының оқу орталығында оқу-жаттығу жұмыстарын жасайды. Сол жерде әскери машықтарды үйреніп, шыңдалады.
Лицейдің жалпы жағдайын бітіруші түлектердің бүгінгі ахуалынан да білуге болады. Мысалы, біздің түлектеріміз қазір әлемнің әр қиырында білімін жалғастырып жүр. Лицейдің құрылғанына 5 жыл болса да, Ресейде, АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Белоруссияда оқып жатқан түлектеріміз бар. Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын терең білімді, құрыштай шыныққан ұланмен толтырғысы келетін әр талапты жасты қуана-қуана қабылдаймыз.
Шымкент қаласындағы С.Рахымов атындағы республикалық әскери мектеп-интернаты
Әскери мектеп-интернатқа 8, 9-сыныптарды аяқтаған, денсаулығы жарамды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицері болуды қалайтын оқушылар үміткер бола алады.
Оқуға емтихан тапсыруға келген талапкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық комиссиясының тексеруінен өтуі тиіс. Мектептегі оқу бағдарламасы бойынша математикадан (тест), қалауы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиетінен (тест) және дене тәрбиесінен емтихан тапсырады. Конкурстан өткен барлық талапкерлер мектеп-интернатқа қабылда-нады. Оқу орнын жақсы аяқтаған оқушыларға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, жақын және алыс шет елдердің жоғарғы әскери оқу орындарына оқуға түсуге жолдама беріледі.
Асылан Тілегенов
(«Ұлан», №19, 12 мамыр 2015 жыл)

zhasorken.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста