Ұшақта темекі шеккен алматылық екі әйел 345 мың теңге айыппұл төледі
Air Astana әуе компаниясының Пхукет-Алматы рейсінде электронды темекі шеккен екі алматылық азаматқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
Келгеннен кейін жолаушылар желілік полиция бөліміне тапсырылды. Тексеру барысында көлік полициясының қызметкерлері Алматы қаласының 36 және 37 жастағы тұрғындарын анықтады.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен "Темекі бұйымдарын тұтыну, әуе кемесінің бортында электронды тұтыну жүйелері" бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, әкімшілік жазаға тартылды.
Полицейлер жыл басынан бері Қазақстанның көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 60 азаматты, оның ішінде 29 адам ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін рейстерден шығарылғанын еске салды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz