Тыр жалаңаш полицейлерден қашқан ер адамның видеосы қызу талқыға түсуде

Тыр жалаңаш полицейлерден қашқан ер адамның видеосы қызу талқыға түсуде

2023 жылдың 22 тамызында әлеуметтік желіде көптің қарама-қайшы пікірін туғызған видео пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram-дағы Taraz_v_obektive парақшасында жарияланған видеода екі полицейден қашып бара жатқан тыр жалаңаш ер адам төбе көрсетеді.

 

Ыңғайсыз бұл оқиға Тараз қаласында болған деп болжанады.

 

"Тараз көшесінде тыр жалаңаш адам жүгіріп жүр... Ақпаратты біздің парақшамызға жазылушы ұсынды", делінген роликтің сипаттамасында.

 

 

Видео желідегілердің пікірін екіге жарды. Егер бірі бұл жайтты қызық көріп, оны күлкіге айналдырса, тағы бірі видео авторын айыптаған.

 

"Жаздың соңғы күндері".

 

"Мүмкін бәстескен болар".

 

"Мен мұны неге көрмей қалдым екен".

 

"Терминатор, қиямет күні".

 

"Бүгін өте ыстық болды".

 

"Ипотека төлеп, лыпасыз қалдым".

 

"Оған тиіспеңіздер! Ол барлық несиесін жапқан адам!".

 

"Балаларын мектепке дайындаймын деп жүріп, өзі лыпасыз қалған отағасы".

 

"Нақсүйерімен ұстап алған долы әйелінен қашып барады".

 

"Келесі жылы да осылай қымбатшылық болса, онда талай адам осылай тыр жалаңаш қалуы мүмкін".

 

Ал ашулы желі қолданушылары мынандай пікір қалдырған:

 

"Мұнайды неге желіге салады, түсіруге де болмайды ғой".

 

"Есі дұрыс емес адам, оған күлудің керегі жоқ".

 

"Кімнің басынан не өтпейді? Желіге салған екен, ең құрымағанда түрін неге жасырмады екен?".

 

"Ей, адамдар, өздеріңді жөндеп алыңдар, өзгеде нелерің бар?! Ешқандай адамдық қалмаған, тек зиянкестік барлығынікі".

 

"Біреу әдейі күштеп киімін шешіп алған шығар, неге түсіресіңдер?!".

 

Zakon.kz редакциясы қалалық полиция басқармасына ресми сауалмен жүгінді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста