Түнде болған өрт үш адамның өмірін жалмады

Түнде болған өрт үш адамның өмірін жалмады

Марқұмдардың жеке басы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

18 наурыз күні сағат 03:51-де Павлодар ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.  Жеке тұрғын үй аумағында көлікжайға бекітілген бір бөлмелі газблокты ғимараттың ағаш шатыры опырылып, жалпы алаңы 40 шаршы метрде жиһаз және тұрмыстық заттар толығымен жанып кетті.

 

- Өртті сөндіру барысында ғимараттың терезесінің жанынан екі күйген мәйіт табылды. Олардың деректері анықталуда.  Ғимараттан 50 литрлік газ баллоны шығарылды.  Өрт сағат 04:36-да оқшауланып, 05:10-да жойылды.  Себептері мен шығыны анықталуда, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.

 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Кінәлі адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Осы түні сағат 04:09-да Павлодар қаласында Генерал  Дүйсенов көшесі, 304 мекенжайында құрылыс тіркемесі өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт 20 шаршы метр аумақты жалмады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жанып кеткен мәйітті тапты, деректер анықталуда.

 

Өрт сағат 04:38-де жойылды.  Себеп пен залалы анықталуда.

 

Осы оқиғаға байланысты Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста