Видеодағы жігіттің Талдықорғанның 25 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол түсінік беру үшін полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бейнежазба өзінің қатысуымен 2017 жылдың жазында Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде түсірілгенін айтты.
Түсірілім кезінде ол есірткі қолданбағанын айтып, видеоны қойылым деп түсіндірді.
Бұл істі әрі қарай тексеру және іс жүзінде қорытынды процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласы ПД-ға аумақтылық бойынша материалдарды өткізіп беру мәселесін прокуратура қарастыратын болады.