Шымкентте төбелескендер бірін-бірі басынан ағашпен ұрған

Шымкентте түн ішінде төбелескендер бірін бірі басынан ағашпен ұрған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Әлеуемттік желіде түн ішінде Шымкент көшелерінде бірін-бірі аяусыз ұрған азаматтардың видеосы тарады.

 

Онда екі жігіттің ерегісінің соңы үлкен төбелеске айналған. Тіпті, бірін-бірі басынан ағашпен аяусыз ұрып жатқанын көруге болады.

 

Ал, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 

«Бейнежазбада көрсетілген жайт Қаратау ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бабы «бұзақылық» бойынша тіркелді. Сондай-ақ, орын алған оқиға бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түсірілмегенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста