Полицейлер жоғалған 18 жастағы Шымкент тұрғынын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
5 тамызда Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен.
Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.
Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Аида Долана-Бұлақ колледжінің 1 курс студенті.
Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).
Қызды іздеу ДП басшылығының ерекше бақылауында.
Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz