Шуда екі бала кәріз құдығына батып кетті
Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі ер бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін тауып, алып шықты.
Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткені анықталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Құрметті ересек адамдар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер.
Сіздер ТЖМ интернет-ресурсында азаматтардың ТЖ кезіндегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттері ережелерімен таныса аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/documents/1?activities=26568&lang=kk.