Риддерде бір апта бұрын жоғалған әйел өлі күйде табылды
![Риддерде бір апта бұрын жоғалған әйел өлі күйде табылды](/image/stub.png)
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен әйелдің денесі өзен жағасынан табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 шілде күні 46 жастағы әйел адам үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
31 шілдеде жоғалған әйелдің апайы полицияға хабарласып, көмек сұрады. Бірден тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріскен.
Полицейлерге жергілікті волонтерлер де көмекке келді. Алайда оны бірден табу мүмкін болмады.
«Тамыз айының 1-і күні, жоғалғанына тура бір апта өткенде Риддер қаласы тұрғынының денесі Журавлиха өзенінің жағасынан табылды. Қазіргі уақытта оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Қалған ақпаратты заң бойынша жария етуге тыйым салынған», - делінген ақпаратта.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)