Ресейден басталған орман өрті Абай облысын жетті

Абай облысында орман өртін сөндіруге бүкіл күш-құралдар жұмылдырылды. Оқиға орнында барлық қызметтер, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Дегенмен, жергілікті органдар халықты эвакуациялауға дайын. Жалынмен күрес бойынша қажетті іс-қимыл төтенше жағдай департаментімен бірге пысықталады.

 

Айта кетейік, 22 мамыр сағат 15:25-те Ресейдің Алтай өлкесінде Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, дала өрті тұтанған.

 

Бұл жер Абай облысы Бородулиха ауданы Ауыл елдімекенінен 7 шақырым қашықтықта. Кейін тілсіз жау «Семей орманы» табиғи резерватына, яғни Қазақстан аумағына қарай өтті.

 

Орман шаруашылығының мәліметінше, сағат 22:50-де өрттің алдын ала ауданы 70 гектарға жеткен.

 

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 10 техника, орман шаруашылығынан 108 адам және 38 техника тартылған.

 

Семей қаласынан қосымша өрт сөндіру техникасы оқиға орнына аттанды.

 

Ауылға кіреберісте жедел облыстық штаб құрылды.

 

Айта кетейік, сағат 23:07-де Семей қаласынан Ауыл елдімекеніне ҚТЖ өрт сөндіру пойызы келді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста