Қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялады - Видео

Қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоүндеу Желіде пайда болды.

"Мен бастықтың міндетін атқаратын "Закова" клубының өкілімін. Ең біріншіден, біздің барда болған оқиға бойынша қазақ халқының әр азаматынан кешірім сұраймын. Болған оқиға бойынша, сол іс-әрекетке қатысқан бүкіл жүргізушілер, PR-менеджерлер жұмыс орнынан босатылды және де Айжан Байзақовамен сұхбат жүргізілді. Өзіміздің әкімшілік те толықтай жауапкершілікке тартылды - әкімшілік айыппұл салынды", - делінген жарияланған үндеуде.

Сондай-ақ, әкімшіліктегілер мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынын айтты.

"Тағы айта кетерім, мұндай жағдай ендігі біздің барда қайталанбайтынына уәде беремін. Біздің ойымызда қазақ халқына, әр азаматына, ішкі дүниесіне, әр жеке мүддесіне жаманшылық келтіру ойы болған жоқ. Сол үшін қазақ халқынан, әр азаматынан кешірім сұраймыз", - деді түнгі клуб әкімшілігі.

Еске салайық, кеше, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді.

Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді.

"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деген еді Алматы ІІД өкілдері.

Айта кетейік, Айжан Байзақованың өзі кінәсіне өкініш білдірді. Ол сот залында қамауға алынды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста