Адам сүйектері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында Қостанайдағы құбырларды ауыстыру орнында табылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Кеше бұл жерден белгісіз екі адамның сүйегі табылған еді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыруда.
Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.