Басылым мәліметінше, оқиға Голубые пруды шағынауданындағы №11 үйдің алаңында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодан бала қатты жел салдарынан жасыл алаңның астында қалып, ұшып кеткенін көруге болады.
Артынша бір адам келіп, оны алаңның ішінен шығарып алған.
Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем бір баланы облыстық балалар ауруханасына әкелгенін хабарлады.
"Қабылдау кезіндегі жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, бала есін біледі, аздап шошыған. Қабылдау бөлімінде тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.