Прогресс М-21 ғарыш жүк кемесінің қалдықтары Тынық мұхитына батып кетті

«Прогресс МС-21» жүк кемесі кеше, 18 ақпанда Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ажырап, бірден орбитадан шығуы керек еді. Бірақ, бұл тек бір тәуліктен кейін жүзеге асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғарыштық жүк көлігінің ХҒС-тан ажырауы және корпусындағы зақымданған жерін анықтау үшін кері бұрылған сәті тікелей эфирден көрсетілді.

Кейін белгілі болғандай, кеменің сыртқы бетін түсіргеннен кейін еш жері зықамданбағаны анықталды. Сондықтан, алынған ақпаратты талдау үшін «Прогресс-МС-21» кемесін орбитадан шығаруды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған.

Бүгін, 19 ақпанда «Прогресс МС-21» орбитадан шығып, атмосфераға еніп, бұзылды. «Роскосмостың» баспасөз қызметі мәлім еткендей, жанбай қалған элементтері Тынық мұхитының оңтүстігіндегі кеме жүрмейтін аймаққа құлаған.

«Прогресс МС-21» жүк көлігі Байқоңырдан 2022 жылдың 26 қазанында ұшырылып, оның құрамында 3,5 ай болды.

Ғарыштық жүк көлігінің миссиясы аяқталғаннан кейін ХҒС ресейлік сегменті «Іздеу» модулінің қондыру торабы босады және «Союз МС-23» кемесін күтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста