Өскеменде Арбаттағы конструкциялардың бірі кәмелетке толмаған баланың үстіне құлады. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тараған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Altaynews-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті мұндай оқиға шынымен болғанын растады.
«Дерек белгіленген тәртіппен тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп түсіндірді полиция өкілдері.
«Таза Өскемен» КМК ілулі тұрған арт-нысан «Сырға» деп аталатынын және әткеншек ретінде пайдалануға арналмағанын түсіндірді.
«Алайда ауыр салмақты арт-нысанға күш түсіретіндер көп. Оған бірден бірнеше адам отырып алып, құрылымды айналдырады. Мұндай жағдайда бекіту элементтері тез тозады және жарамсыз болып қалады», - деді мекеме өкілдері.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz