Министр: Банк қызметкерлерін кепілге алған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Kaspi банктегі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дабыл гранатасы қолданылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрі аман-сау. Осы банктің 7 қызметкері босатылды. Қылмыскер ұсталды. Қазір онымен тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға болған жерде тексеру жүріп жатыр», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам ұйым қызметкерлерін кепілге алды.
Банктің баспасөз қызметі ғимаратта клиенттердің жоқтығын және полиция қызметкерлерінің күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Kaspi банктің кепілдегі қызметкерлері босатылды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу