Кореяда қазақ қыздары жолдағы әрекеті үшін жазалануы мүмкін
27 мамырда оңтүстіккореялық Инчхон қаласында полиция Қазақстанның 39 жастағы азаматын бөлімшеге шақырды. Ол жергілікті жол жүру ережесін өрескел бұзған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
"А" есімді азамат 24 мамырда 18:15-те Инчхон қаласының жолдарының бірінде K5 автокөлігін өте қауіпті деңгейде жүргізген. Желіде жарияланған видеода қазақстандық қыздар 27 жастағы "Б" және 22 жастағы "С" есімді қыздар көліктің артқы бөлігіндегі терезелерден шығып, қолын көтерген", - дейді оңтүстіккореялық полицейлер.
Қазақстандық жігітке қатысты тергеу шаралары басталған.
"Полиция тергеуі нәтижесінде жүргізуші қыздардан олай істемеуін өтінгенгенін және бұл қауіпті екенін айтқан". 27 жастағы қыз жағдайды былай түсіндірді: "Ол мезетте мен бақытты едім, себебі менің Кореядағы құрбым босанды. Мен барлығы дұрыс деп ойладым, өйткені біздің елде мұндаймен мәселе жоқ", - деп жазады басылым қазақстандықтардың сөзін.
Әлеуметтік желідегі видеодан үзінді
Полиция қазақстандық қыздарға қатысты "қосымша тергеу" жүргізетіні белгілі болды.
"Егер олардың әрекеті заңбұзушылық ретінде танылса, "Киа" жолаушыларына айыппұл салынуы мүмкін", - деп жазады Herald.