Ақтөбеде әйел тұрғын үйдің 5-қабаттағы терезесінен секірмек болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Ақтөбе ТЖД сілтеме жасап жазды.
Оқиға 12-шағынауданда болған.
27 шілдеге қараған түні құтқарушыларға 28 жастағы әйел 5-қабаттағы терезеден секірмек болғаны туралы хабарланған.
"Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге шақырту орнына барды. Олар арнайы құралдың көмегімен есікті бұзып, өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін СҚО-да полицейлер 20 метр биіктен секірмек болған ер адамды құтқарып қалған болатын.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz