Елордалық ҚАЖД қызметкерлері жүк көлігінің дөңгелегінен аңшы мылтығын тапты

Елордалық ҚАЖД қызметкерлері жүк көлігінің дөңгелегінен атуға жарамды аңшы мылтығын тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық ҚАЖД қызметкерлері қаруды табу және тәркілеу бойынша жедел іс-шара өткізді.

 

Жедел ақпаратты бірлесіп іске асыру барысында №2 мекеменің және Астана қаласы бойынша ҚАЖД жедел бөлімінің қызметкерлері Астана – Көкшетау трассасы аумағында атуға жарамды 12 калибрлі ИЖ-27 аңшы мылтығын тауып, тәркіленді. Бұл қару жүк көлігінің дөңгелегінде жасырылған.

 

 

– Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Елордалық ҚАЖ қызметкерлері заңсыз айналымдағы қаруды табу және тәркілеу  бойынша бақылауды жалғастыруда. Қару-жарақты, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмысы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деп атап өтті елордалық ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста