БҚО-да 20 тонна киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті

БҚО-да 20 тонна киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында 20 тонна киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 тамыз күні Теректі ауданы аумағында болды.

 

«Сағат 17.03-те 101 телефонына Самара-Шымкент тас жолының 311-шақырымында жартылай тіркеменің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде DAF маркалы жүк көлігінің жартылай тіркемесі және 3 га аумақта құрғақ шөптің отқа оранғаны анықталды. 25 жастағы қырғызстандық жүргізуші Қырғыстаннан Мәскеуге бара жатқан. Тіркемеде 20 тонна киім-кешек болған. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің күшімен (14 адам, 3 техника) сағат 20.45-те оқшауланып, 21.52-де ауыздықталды. Қазір оқиғаның себеп-салдары, келтірілген шығын анықталу үстінде. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

 

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде жыл басынан бері 88 автокөлік өртеніп кетті.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 200 тоннаға жуық пішеннің отқа оранғанын жазған едік.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста