Ақтөбе облысында 17 жастағы жүргізуші жігіт пен 18 жастағы жолаушы қыз Yamaha мотоциклінде атқа соғылып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасай отырып.
Қайғылы оқиға сенбі, 29 тамызда Ақтөбе - Солтүстік айналма жолында Ақшат ауылының маңында болған.
Жасөспірімнің көлік жүргізуге құқығы жоқ еді. Ол жылдамдықты асырып, тежегішті басуға асықпаған. Салдарынан атпен соғысқан.
Жігіт пен қыз алған жарақатынан есінен танып, оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті қаза болғандардың ата-аналарына көңіл айтады және ата-аналарға кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге және балалардың түнгі уақытта үйде болуын қадағалауға кеңес береді.