Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсады
1 мамырда тергеу изоляторында кісі өлтірді деген күдікті азаматтың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Іnbusiness.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап жазды.
"Бұл дерек түнде болды. Кезекші ауысым дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы тергеу жүргізіліп жатқан адамның өлімін растады", – деп хабарлады ведомствода.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың 29 наурызында Ақтөбедегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде 35 жастағы әйел мен оның 16 жасар ұлының мәйіттері табылып, марқұмның 13 жасар қызы ауруханаға жеткізілді.