Ақтөбе облысында 2 жасар сәби әжетханаға түсіп кетіп, мерт болды

Ақтөбе облысында 2 жасар сәби әжетханаға түсіп кетіп, мерт болды

Ақтөбенің Шалқар қаласында 2 жасар сәби әжетхана шұңқырына түсіп кетіп, ажал құшты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, оқиға Шалқар қаласында болған.

 

Онда 2020 жылы туған сәби әжетхана шұңқырына түсіп кеткен.

 

"Сол күні анасы өзге баласын алып, облыс орталығына кеткен. Ал әкесі жұмыста болған. Үйіндегі туыстарының баласы әжетханаға барып, қатты жел тұрғанда есігі жабылмай, сәби құлап кеткен. Баланы шұңқырдан туысы алып шығып, дәрігерлерге жүгінді. Оны кейін санавиация қызметімен қалаға жеткізді. Бірақ бала бірнеше күннен соң көз жұмды. Оның ата-анасына қатысты Қылмыстық кодекстің "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бабы бойынша іс қозғалды", - деді Ерболат Сарқұлов.

 

Еске салсақ, Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында ер адамның денесі табылды.

 

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы тұрғын ұсталды.

 

Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста