Ақтауда 1997 жылы туған азамат өз-өзіне қол жұмсады. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Lada сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға 12 наурыз күні сағат 21:00 шамасында орын алған.
Суицид жасалған орынды полицейлер анықтаған. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Тұрғындардың сөзінше, марқұм азамат өз өмірін қиған үйде тұрмаған.