Ақтауда көмек сұрап жанұшыра жылаған қыздың видеосы тарады

Ақтауда көмек сұрап жанұшыра жылаған қыздың видеосы тарады

Ақтауда қыздың көмек сұрап жылаған видеосы тарады. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап жазды.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан ер адам қыздың қолынан жібермей ұстап тұрғаны, ал қыз "көмектесіңдер" деп айқайлап жылағаны көрінеді. Оқиға 11-шағынауданда Ынтымақ алаңында болған.

 

Маңғыстау полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қыздың телефоны ұрланған.

 

"20 шілдеде сағат 2:30 шамасында "102" кезекші пультіне белгісіз біреу жәбірленушіні қорқытып, оның "Самсунг" маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы қоңырау түсті. Осылайша, күдікті 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген", - деп хабарлады ведомство.

 

Күдікті анықталып, оны ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі ("Тонау") бойынша Ақтау қалалық ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп қосты тәртіп сақшылары.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста