АҚШ-та қара нәсілдіні өлтірген полицейлерге айып тағылды

АҚШ-та нәсілшілдікке қатысты қайта дау туындады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Теннеси штатында полицияның бес қызметкеріне кісі өлтіргені үшін айып тағылды.

 

7-қаңтарда Мемфис штатында полиция патрулі көлікті қауіпті жүргізгені үшін 29-жастағы қара нәсілді Тайри Николсты тоқтатпақ болған. Алайда ол бұйрыққа көнбей, қаша бастайды. Қуып ұстаған тәртіп сақшылары Тайри Николсты көліктен шығарып, аяусыз таяққа жыққан. Ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген ол үш күннен кейін қайтыс болды.

 

Осындай оқиғалардан бұл істің бір ерекшелігі Тайри Николсты ұрған бес полицейдің бәрі – қара нәсілді.

 

Дегенмен бұл қауымның наразылығын тудырып, Мемфис пен Нью-Йорк қалаларында наразылық шерулер өтті.

 

Ал Теннеси штатының билігі 2020-жылы Джордж Флойдтың өлімінен кейін болған жаппай тәртіпсіздіктің басталуынан қауіптеніп отыр.

 

Дүкен иелері өз мекемелерінің терезелері мен сөрелерін шегелеп, бекітіп жатыр.

 

Ал Тайри Николстың анасы штат тұрғындарын сабырлыққа шақырды.

 

АҚШ президенті Джо Байден де жұртты наразылығын бейбіт түрде білдіруге үндеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста