Алматыда Шолохов және Есжанов көшелерінің қиылысында мотоцикл апатқа ұшырады.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, мотоцикл мен LADA Priora Шолохов көшесі бойында батыс бағытта кетіп бара жатады. Есжанов көшесімен қиылыста мотоциклші ақырындап бұрыла бастайды. Неге екені белгісіз, LADA көлігі мотоциклді бір-ақ қақты. Салдарынан мотоцикл бір қырына ауып, бетонға соғылған.
Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы. Жолаушы әйел құлаған кезде бетонға қатты соғылыпты. Ол ауыр хәлде ауруханаға жатқызылып, кейінірек дәрігерлер аяғын кесуге мәжбүр болған.
Жүргізуші де әртүрлі жарақат алған, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты.
Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.