Алматыдағы сауд орталығында 4 жасар қызды тепкен түрік азаматы елден қуылады

Балалар омбудсмені 4 жасар қыз баланы теуіп құлатқан азаматқа қатысты іс неге «бұзақылық» бабы бойынша қаралғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Informburo.kz мәлім еткендей, Балалар омбудсмені Динара Зәкиева елде балаларға қатысты мұндай қылмысты қарастыратын заң жоқ екенін айтқан. 

 

Қазақстан заңнамасында мұндай әрекетке қатысты бап жоқ. Сондықтан азамат бұзақылық бабы бойынша айыпты деп танылды. Оның өзінде 25 жастағы ер адамның «кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған іс-әрекетін» ауырлататын негіз қарастырылмаған. Қазір балаларға жасалатын зорлық-зомбылықты болдырмау үшін ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді Динара Зәкиева.

 

Маманның сөзінше, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаны биыл күзде Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу жоспарланып отыр.

 

Сондай-ақ Динара Зәкиева бұзақылық дерегі бойынша іс қозғалған түрік азаматына қатысты сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны ҚР аумағынан шығару туралы сот ісі қозғалатынын атап өтті.

 

Еске сала кетейік, Алматы облысындағы сауда орталықтарының бірінде 25 жастағы түрік азаматы төрт жасар қызды тепкілеген болатын. Аталған дерек аудандық полицияда Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста