Алматыда жас келіншек 3 баласының көзінше асылып қалды
Алматыда 29 жастағы келіншек үш баласының көзінше пәтерінде өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Көршілері 1994 жылы туған әйел бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізген.
"Ол Қырғызстаннан, Алматыда жақындары жоқ. Әйелдің аты – Айпері", - деп хабарлады “Немолчиkz” қоры.
Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.
«Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 2,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 300 адам көз жұмды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz