Алматыда ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ІІМ-нің ресми Telegram-каналында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде журналистердің балаларының видео үндеуі тараған болатын. Олар Владимир мен Наргиз Северныйдың қаладағы сауда үйлерінің бірінде олардың көз алдында ұсталғанын мәлімдеді.

"Оларды формадағы бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті. Менің отбасымның ешқайсысы олармен байланысып, телефон соғып, не болып жатқанын біле алмайды, өйткені телефондары тәркіленді", – деді журналистердің ұлы.

Tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста