Алматыда автобустың не себепті өртенгені белгілі болды
Алматыда өртенген автобустың пайдалану мерзімі аяқталып қалған. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 131-ші автобустың жүргізушісі техникалық ақаулықты байқап, нұсқаулыққа сай әрекет жасаған. Ол қоғамдық көлік ішіндегі жолаушыларды ескертіп, бәрін аялдамада түсірген.
Кейін автобустағы ақауды жою үшін автопаркке бет алған. Жолда қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты.
«Айта кетерлігі, отқа оранған автобустың нормативтік пайдалану мерзімі аяқталып қалған. Автопарктің техникалық жай-күйін жоспарлы тексеру кезінде «Лиаз» маркалы автобустардың тозуы жоғары екені анықталды. Сондықтан көрсетілген көлік қызметтердің сапасын және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін автопарк ескі көліктерді ауыстыру үшін жаңа жылжымалы бірліктерді сатып алу жоспарда»,- деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, бүгін Алматыда таңғы сағат 8-дер шамасында жолаушылар автобусы өртен болатын.