Алматы әуежайында кеденнен тірі құмырсқаны алып өтпек болған

Алматы әуежайында кеденнен тірі құмырсқаны алып өтпек болған

Алматы халықаралық әуежайында кеден бекеті арқылы тірі құмырсқалар салынған сәлемдемені заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді. Жәндіктер Италиядан жіберілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, Алматы МКД "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстанға тірі құмырсқаларды кіргізу әрекетін тоқтатқан. Италиядан келген қаптамада жәндіктер салынған 7 қорап мен 22 пластик ыдыс болған. Ресми түрде қорапта кондитерлік өнімдер болған деген болжам бар.

 

Жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешіміне сәйкес ЕАЭО аумағына әкелудің рұқсат етілген тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген. Осылайша құмырсқаларды рұқсатсыз, заңсыз әкелмек болған.

 

"Осы факті бойынша материалдар уәкілетті мемлекеттік органға процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Департамент тыйым салынған және шектелген тауарлардың, соның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың қозғалысына тұрақты мониторинг жүргізетінін еске саламыз", - деді Алматы МКД.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста