Абай облысында 7 жасар баланың басы автобус есігіне қысылып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
Әйел адамның айтуынша, жүргізуші жолаушылардың толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған.
Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған, ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толығымен сыртта қалып кеткен.
Осылайша ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
Абай облысы ПД 5 ақпан күні Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлайды.
Аталған құқық бұзушылық 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеліп соғады.