«Жүрегімнің қожайыны»: әнші Мөлдір Әуелбекова күйеуіне ән арнады

Қазақстандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова маңызды мәлімдеме жасап, барша жанкүйерлерін қуантты. Өнер иесі алдағы уақытта шығармашылығын қолға алып, үлкен сахнаға оралмақ. Әншінің жолдасы оның өнеріне өз рұқсатын берген деп жазады kaz.nur.kz.

Шығармашылығын біраз уақытқа тоқтатқан Мөлдір Әуелбекова тыңдарандарын су жаңа әнімен қуантты. Эстрада жұлдызы бұл жолы аса әсерлі әнін өз жолдасына арнаған. Ол күйеуіне деген шексіз махаббатын өлең арқылы жеткізген. Оған қоса, өнер иесі өз жанкүйерлеріне маңызды мәлімдеме жасап, әлі де үлкен сахнаға шығатынын айтты. Белгілі болғандай, отағасы оның шығармашылығына толықтай қолдау білдіруде.

"Құлыным Салтай екеуімізге ерекше қамқорлығымен арқа сүйер болып отырған жүрегімнің Қожайыны, Алла қосқан жан-жарыма қуанышпен "Сүйіктім" атты әнімді арнадым! Ма ша Алла! Ресми жариялаймын: Отағасы шығармашылығымды қолдаумен үлкен сахнаға шығуыма рұқсат етті", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова өз қайын жұртын көрсеткен болатын. Ол жаңа отбасымен табиғат аясында демалып қайтып, ерекше суреттермен бөлісті. Қызығы, әншінің қайын жұртының арасында белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан да бар. Көпшілік өнер иесі оның келіні атанғанын жарысып жазуда.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова карантин уақытында сүйіктісін жолықтырып, екінші мәрте тұрмысқа шығып жатқанын хабарлаған болатын. Бұл жаңалығынан кейін өнер иесінің өмірі күрт өзгеріп кетті. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста