«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»: Сақатов басы дауға қалған Сейфуллинге араша түсті (ВИДЕО)

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»: Сақатов басы дауға қалған Сейфуллинге араша түсті (ВИДЕО)

Танымал отандық актер, сатирик Алмат Сақатов жұртты дүрліктірген досы Сейфуллин Жолбарысты қызғыштай қорғауда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актер Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосын көргенін Instagram-парақшасында мәлімдей отырып, досына араша түсу мақсатында видеожазба қалдырды.

"Баяғыда бір ақсақал ақ қағаздың бетіне кішкене қара нүкте салып, оқушыларынан не көріп тұрсыңдар деп сұрапты. Сонда шәкірттерінің барлығы қара нүкте көріп тұрмыз депті. Бұны тыңдаған ақсақал: "өмірде үйреніңдер, сендер мына жерден қара нүктені көреміз деп, үлкен ақ қағазды көрмей тұрсыңдар" деген екен. Құрметті ағайын, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан да сәл бір сүрінген екен деп жерден алып, жерге салу қажет емес", - деді әртіс Instagram-дағы парақшасында.

Алмат Сақатов досының кінәлі екенін мойындай отырып, Сейфуллиннің қателігін ел болып кешіруді сұрады.

"Әрине, қателік, бірақ жігітті демейтін қасындағы елі, достары ғой. Аман болыңыздар", - деді Сақатов. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста