"Жалаңаш суретінің бәрін өшірді": Ақбота Сейтмағамбет хиджаб киді (фото, видео)
Ақбота Сейтмағамбет хиджаб киді. Әнші желідегі барлық фото-видеоларын өшіріп тастады. Өзінің ғана емес, балаларының да суретін өшірді. Есесіне хиджаб киген үш фотосын ғана қалдырды. 
Ақбота мен Дәурен Айдарқұлов біраз уақыт бұрын ресми түрде ажырасып кетті. Дәурен екінші әйеліне деген сезімі барын жасырмай айтты. Ал Ақбота екінші мәрте тұрмыс құруға дайын екенін айтты. Екеуі де өзгемен бас қосуға дайын. 
 
Соңғы кезде сезімге толы жазба жариялап жүрген Ақбота желідегі барлық жазбасы мен фото-видеоларын өшіріп тастады. Оның орнына хиджаб киіп, оранған суретін жариялады. Мұны тыңдармандары түрліше болжады. 
"АссаламуАлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатух!", - деп жазды әнші.
Бұған дейін Айдарқұлов сұхбатында намаз оқитын, оранған қыз іздеп жүргенін айтқан еді. Егер табылып жатса, үшінші рет үйленуге қарсы емес екенін жетізді. Желідегі қолданушылар Ақботаның әрекетін Дәуреннің ойымен байланыстырды.
"Дәуренге қайта ұнай үшін орандыңыз ба?", "Айдарқұлов сізді онсыз да жақсы көрген сияқты ғой", "Мүмкін өзінің қалауы болар", "Мен қолдаймын, жақсы жағына түзелгеніңіз жақсы", "Оранған соң сахнадан кетесіз бе? Намаз оқып жүрсіз бе?", "Бұлар бүгін киіп, ертең шеше салады ғой", "Ел алдында ғана иманды", "Біреудің артынан артық сөйлемейік"- деп жазды олар. 
https://www.instagram.com/stories/akbotanurabaykyzy/?utm_source=ig_embed