Тұрсынбек Қабатов 10 жылдан бері Есен Елеукенмен арасы бұзылғанын айтты

Тұрсынбек Қабатов 10 жылдан бері Есен Елеукенмен арасы бұзылғанын айтты

Отандық танымал әзілкеш, "КТА" басшысы Тұрсынбек Қабатов "Қазақстан КВН Одағының" президенті Есен Елеукенмен 2005 жылдан бері түсінісе алмай келе жатқанын ашып айтты. Ол бұл жайында Аман Тасығанның "Talk Like" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Есен Елеукен. Тұрсынбек Қабатов. Фото:

Есен Елеукен. Тұрсынбек Қабатов. Фото: "Хабар" арнасы, "Қазақстан" арнасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте

Тұрсынбек Қабатовтың айтуынша, олардың арасындағы келіспеушілік КВН лигасын ашу мәселесінен туындаған.

"Есен екеуміздің арамызда 2005 жылдан бері келе жатқан түсініспеушілік бар. Мұны Есеннің өзі де біледі. Есеннің айтпай, үндемей жүргені де сол. Менің КТА-мен айналысып жатқаным да сол.

Кезінде бір "Лига" ашу керек болды. Сол кезде Астана қаласының әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджанов ағамызға кіріп шықтым. Ол кісі бірден келісім берді.

Ал Есен сол кезде Шымкентте "Өзіміздің жігіттер", "Көз тимесін" командаларын жүргізіп жүрді. Сосын мен Есенге хабарласып, "Есен, келіп басташы. Біз лига ашайын деп жатырмыз. Сен жүргізші" деп айттым.

Негізі оны өзім жүргізгім келген. Алайда Төлеген Мұхамеджанов ағамыз "Астана қаласынан команда жоқ. Сен ойна. Ертең лига ашып тұрып, Астанадан команда болмағаны қалай?! Біреуге бере тұр, жүргізсін", - деді.

Біз солай КВН ойнадық. Есен жүргізіп жүрді. Солай жүріп Есен екеуміз сөзге келмей, ұрысып қалдық", - деп Тұрсынбек Қабатов ағынан жарылды.

Сондай-ақ, әзілкеш уақыт өте келе өзінің шетке ысырыла бастағанын түсінгенін айтты.

"Сосын екеуміз келістік. Мен қазылар алқасында отырып, тренинг жүргізетін болдым. Ал Есен жүргізуші болады. Осылай ақырын-ақырын мені далаға қарай ысырып, өзімен-өзі "Қазақша КВН" болып, ары қарай "Нұр Отан" партиясымен жұмыс істеп, дамып кетті", - деген Тұрсынбек Қабатов осыдан он жыл бұрынғы оқиғаны айтып берді.

"Осыдан он жыл бұрын жаңа лига ашамын деп ойлағанмын. Сосын Есен менің кабинетіме келіп, "Тұрсынбек, лига ашпай-ақ қойшы. Балалар керек болса, берейін" деді. Сосын мен оны тоқтатып қойдым. Күндердің күнінде "Қазақстан" бағдарламасында "Көңілашар" деген жеке орындаушыларға арналған бағдарлама істейтін болдым. Украинаның режиссерлерімен келісіп қойдым.

"Жайдарманның" жігіттерімен, Есенмен келісіп қойғанбыз. 20 шақты жігітті кастингпен жинадық. Ал "Жайдарманнан" 30 бала келуі керек болды. Менің ойымда ештеңе жоқ, жобаға дайындалып жүрмін.

Сөйтсем, Есен "Жайдарманның" жігіттеріне хабарласып, "Кімде-кім Тұрсынбекке барса, "Жайдарманға" келмей-ақ қойсын" деп шарт қойған. Олар келмей қалады. Менің бағдарламам күйіп кетті.

Содан маған төрт-бес бала "қашып" келді. Кейін мен "Әлі талай бағдарламам бар. Мен қашанғы "жібере ме? жібермей ме?" деп ойланып жүремін? Жалтақтап отырамын ба? Одан да өзімнің "Лигамды" ашайын" дедім.

Алғашқы жылы 14 команда болды. Ал қазір көбейіп кетті. Сондықтан да мен Есенге ренжімеймін. Өйткені, о баста оған өзім хабарластым. Ол да КВН-ді дамытып алып кетті", - деді Тұрсынбек Қабатов.

Тұрсынбек Қабатов қазіргі таңда Есен Елеукенмен сәлемі түзу екенін жеткізді.

"Амандасамыз. Сөйлесеміз. Ұрыспаймыз. Қырылысқан емеспіз. Арамызда КТА мен "Жайдарман" туралы бір әңгіме болған емес. Ол да, мен де түсінеміз. Бітті. Екеуміз жұмыс істеп жатырмыз", - деді көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берген әзілкеш.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста