Танымал режиссер Ақан Сатаев үлкен той жасамай-ақ қызын тұрмысқа берді
Осы демалыс күндері елімізге белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың қызы тұрмысқа шықты.
Отбасындағы маңызды жаңалық туралы Ақан Сатаев желідегі парақшасында жазды.
Режиссер ауқымды той жасамай, қуанышты аз ғана адам болып атап өткенін айтты.
"Үлкен қызымыз Марйамды тұрмысқа бергенімізді қуанышпен хабарлағым кеп тұр. Мешітте неке қидырып, үлкен той жасамай-ақ жақындарымызбен бірге атап өттік. Қалыңдық пен күйеу жігіттң ата-анасы ғана болды", - деп жазды "Рэкетир" фильмінің негізін қалаушы.
Ақан Сатаев пен Назира Бақаеваның отбасында бес бала. Марйам - ең үлкен қызы. 28 мамырда ол 21 жасқа толды. Режиссердің күйеу баласы Nomad Stunts каскадерлер тобының мүшесі Есболат Әбдіберік.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу