Танымал ақын өтірікті соға салатын Ерке Есмаханды айыптады
Төреғали Төреәліге арнап талай хит әндерді тудырған Қайнар Алагөзов бұл жазбасын орыс тілінде де жариялады. Еске сала кетейік, Төреғали мен Ерке Есмахан "Алло" әнін бұл күндері бірге шырқап жүрген жоқ. "Ұлы дала баласы" өз концерттерінде "Аллоны" қырғыз және өзбек әншілерімен бірге айтып жүр. - Осы əншілердің қара пиарынан шаршадым. Жақында жерлесім Ерке Есмахан, бір сұхбатында "Алло" əнін авторлары менен алып басқаға сатып жіберді деп өтірікті соға салыпты. Содан бері, адамды табалауға мүмкіншілік таппай жүрген инста-күншілдер менің мазамды алуда. Осы постымды оқығаннан кейін қоятын шығарсыздар?! Мен əнді ешкімге сатқан жоқпын, сатпаймын да, - деп жазды Қайнар Алагөзов.